«Сотта жауап береді»: Алтай Көлгінов ЖЭО-3 құрылысы туралы айтты
Оның айтуынша, мердігер жұмысты қайта бастауға және жұмыстарын тездетуге уәде берген.
-->Біз мердігерге хабарлама жіберіп: «Сіз 10 жылдан астам уақыт ЖЭО-3 салып жатырсыз, ал қала аумағында құрылыс қарқынды өсіп келеді және біз оны жылумен қамтамасыз етуіміз керек. Қанша созуға болады? Бюджеттен ақша бөлдік, қаражат бар, жұмысты дұрыс ұйымдастыру керек. Болмаса сотта жауап бересіз» дедік. Мердігерге қатаң шарттар қойдық, - деді Алтай Көлгінов қалалық мәслихат отырысында.
Оның айтуынша, мердігер жұмысты қайта бастауға және жұмыстарын тездетуге уәде берген.
Мердігерлердің барлығы бірдей өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарамайды, мемлекет тарапынан көрсетілген сенімді бағалай алмайды. Мен депутаттардың да қоғамдық бақылауға қатысуын, ЖЭО-3-ке депутаттық бақылау жасауын сұраймын. Мердігер жауапкершілікті сезінсін. Жаңа ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету үшін ЖЭО жұмысын уақытылы ұйымдастырып, аяқтауы керек. Осыны бақылауға алуға депутаттардың да қосылуын ұсынамын, - деді әкім.