Нұр-Сұлтанда карантин шаралары жеңілдеді
Аталған қаулы Нұр-Сұлтан қаласы эпидемияологиялық ахуалды бағалау матрицасының «сары» аймағына өтуіне байланысты қабылданған болатын. Құжат бойынша, қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындар мен жабық ғимараттардамаска киіп жүру, 10-нан артық адам жиналатын шараларды онлайн режимде өткізу, вакцинаға қарсы медициналық көрсетілім бар адамдарды қашықтан жұмыс істеуге жіберу ұсынылған.
Дегенмен, мамандар маска режимін әлі де сақтауды ұсынып отыр.
Бұл ұсыныстың 5 жасқа дейінгі балаларға ғана қатысы жоқ екені де айтылған.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Оның мәтінін мына жерден көруге болады.
-->Аталған қаулы Нұр-Сұлтан қаласы эпидемияологиялық ахуалды бағалау матрицасының «сары» аймағына өтуіне байланысты қабылданған болатын. Құжат бойынша, қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындар мен жабық ғимараттардамаска киіп жүру, 10-нан артық адам жиналатын шараларды онлайн режимде өткізу, вакцинаға қарсы медициналық көрсетілім бар адамдарды қашықтан жұмыс істеуге жіберу ұсынылған.
Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шараларын енгізу туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 8 қаулысы күші жойылды деп танылсын, -деп жазылған құжат мәтінінде.
Дегенмен, мамандар маска режимін әлі де сақтауды ұсынып отыр.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, қалалық кәсіпкерлер палатасына, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию ұсынылсын, -деп жазылған қаулы мәтінінде.
Бұл ұсыныстың 5 жасқа дейінгі балаларға ғана қатысы жоқ екені де айтылған.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Оның мәтінін мына жерден көруге болады.