Әскери жиындарға қатысқысы келетін жастар көп - қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнаулы жиындарға қатысқысы келетін жастар көп екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз жиындарға өз еркімен қатысқысы келетіндерге басымдық беруге, оларды бірінші кезекте шақыруға ұсыныс жасаймыз. Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бастап бізге осындай күрделі кезеңде үлес қосқысы келетін жастар көп хабарласты. Біздің жастар - патриот. Президент Жарлығы жарияланғаннан кейін бізге әскер қатарына қосылғысы келетін азаматтардан да қоңыраулар жиі түсіп жатыр. Олар «үйде жұмыссыз отырғанша, жиындарға шақырылып, өз Отаныма, өз халқыма көмектескенім дұрыс» деп айтады», - деді Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Министрдің айтуынша, азаматтар әскери жиындарға тұрғылықты мекенжайы бойынша шақырылады. Олар жиындарға жұмысқа барғандай күнделікті қатынап отырады. Бұған дейін ол арнаулы жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге жалақы төленетінін айтқан болатын. Жиындар мерзімі үш айға дейін жалғасуы мүмкін.
-->Қазақстан Республикасы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнаулы жиындарға қатысқысы келетін жастар көп екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз жиындарға өз еркімен қатысқысы келетіндерге басымдық беруге, оларды бірінші кезекте шақыруға ұсыныс жасаймыз. Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бастап бізге осындай күрделі кезеңде үлес қосқысы келетін жастар көп хабарласты. Біздің жастар - патриот. Президент Жарлығы жарияланғаннан кейін бізге әскер қатарына қосылғысы келетін азаматтардан да қоңыраулар жиі түсіп жатыр. Олар «үйде жұмыссыз отырғанша, жиындарға шақырылып, өз Отаныма, өз халқыма көмектескенім дұрыс» деп айтады», - деді Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Министрдің айтуынша, азаматтар әскери жиындарға тұрғылықты мекенжайы бойынша шақырылады. Олар жиындарға жұмысқа барғандай күнделікті қатынап отырады. Бұған дейін ол арнаулы жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге жалақы төленетінін айтқан болатын. Жиындар мерзімі үш айға дейін жалғасуы мүмкін.