Елорда жаңалықтары

Елордада Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді

Үндістанның Қазақстандағы елшісі Шубдаршини Трипати Нұр-Сұлтандағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығында мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты. Ол осы жыл үнді-қазақ қарым-қатынастары үшін ерекше жыл болғанын атап өтті. Жиналғандар еліміздің Мемлекеттік әнұранын шырқады. Бұдан кейін елші Үндістан президенті Драупади Мурмудың құттықтауын оқып берді.

Мерекелік іс-шараға дипломатиялық миссия өкілдері, лауазымды тұлғалар мен үнді қоғамдастығының өкілдері де қатысты.

 «Ванде Матрубхуми» мәдени концерті бүгінгі іс-шараның көркін қыздыра түсті.  Онда Свами Вивекананда мәдени орталығы әртістерінің түрлі ән шырқап, би де биледі.

Кеш соңында Үндістанның Қазақстандағы елшісі үнді қоғамдастығының өкілдерімен әңгімелесіп, журналистердің сұрақтарына жауап беріп, викторина жеңімпаздарына медальдар табыс етті. 

Еске сала кетейік, биыл Ironman триатлонына 270 спорт әуесқойы қатысты. Олардың көпшілігі Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға келді.

-->