Сеніміміз артты - тарихшы Президент үндеуіне қатысты пікірін айтты
Еуразия ұлттық университетінің тарихшысы Ерлан Сайлаубай президент мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекет басшысы 31 наурызда Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде ең алдымен түрлі санаттағы мұқтаж жандарды, қарапайым адамдарды, шағын және орта бизнес өкілдерін, қатерлі індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі мамандарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қорғау мен қаржылай ынталандыру шаралары жөнінде жария етті. Бұл шешімдер ең алдымен мемлекетіміздің кез-келген жаһандық жағдайға қарсы тұру әлеуетінің бар екенін көрсетті. Екіншіден, халық тағы бір мәрте мемлекеттік қолдауды айқын сезінді. Өйткені төтенше жағдайға байланысты қоғамдық-әлеуметтік және экономикалық өмір ағымына бірсыпыра шектеу қойылған болатын. Бұл шектеулер сақтану шарасына байланысты мәжбүрліктен туындағанын да түсінеміз. Міне, осындай жағдайда халықтың барлық әлеуметтік тобы президент жария еткен шешімдердің ішінен әрқайсысына тиесілі және құқықтық-заңнамалық негіздері толық, әрі нақты айқындалған қолдау шараларын көрді. Осылайша, ел мен халықта уақытша кедергі келтірген індет кезеңінен бірлік пен тірліктің арқасында өтуге болатынына сенім артты», - деді Ерлан Сайлаубай.
-->Еуразия ұлттық университетінің тарихшысы Ерлан Сайлаубай президент мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекет басшысы 31 наурызда Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде ең алдымен түрлі санаттағы мұқтаж жандарды, қарапайым адамдарды, шағын және орта бизнес өкілдерін, қатерлі індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі мамандарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қорғау мен қаржылай ынталандыру шаралары жөнінде жария етті. Бұл шешімдер ең алдымен мемлекетіміздің кез-келген жаһандық жағдайға қарсы тұру әлеуетінің бар екенін көрсетті. Екіншіден, халық тағы бір мәрте мемлекеттік қолдауды айқын сезінді. Өйткені төтенше жағдайға байланысты қоғамдық-әлеуметтік және экономикалық өмір ағымына бірсыпыра шектеу қойылған болатын. Бұл шектеулер сақтану шарасына байланысты мәжбүрліктен туындағанын да түсінеміз. Міне, осындай жағдайда халықтың барлық әлеуметтік тобы президент жария еткен шешімдердің ішінен әрқайсысына тиесілі және құқықтық-заңнамалық негіздері толық, әрі нақты айқындалған қолдау шараларын көрді. Осылайша, ел мен халықта уақытша кедергі келтірген індет кезеңінен бірлік пен тірліктің арқасында өтуге болатынына сенім артты», - деді Ерлан Сайлаубай.