Елорда жаңалықтары

Халықаралық жастар күніне орай елордада тимбилдинг өтті

Бұған 100-ден астам жастар қатысты. Бұл іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.

-->

Бұған 100-ден астам жастар қатысты. Бұл іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.

Тимбилдингтің мақсаты – еріктілерді салауатты өмір салты қағидаттарына және дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмылдыру және команда құру. Белсенділерді тек бір команда болуға ғана емес, командада жұмыс істеудің жалпы дағдыларын қалыптастыруға үйрету керек. Ортақ міндет – мықты және мотивациялық көшбасшылардың тату командасын қалыптастыру, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ аула клубтарының бөлім басшысы Асқар Асхатов.