Елорда жаңалықтары

Қазақстанда дезинфекция өнімдері жеткілікті ме

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев отандық кәсіпорындардың зарарсыздандыру құралдарын өндіруде қаншалықты қауқарлы екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта тәулігіне 1 миллионнан астам медициналық бетперделер тігіліп жатыр. Оның 325 мыңы формацевтикалық кәсіпорындарда, ал 680 мыңы тігін кәсіпорындарында тігіледі. Тігін кәсіпорындарының өнімдері жергілікті әкімдіктер арқылы таратылады. Ал дезинфекция өнімдері күніне 85 мың литрден аса өндіріледі. Қазіргі таңда қоймаларда 158 мың литр өнім бар. Бүгінгі күні тұрғын үйлер мен көшелерді зарарсыздандыру үшін 65 мың литрден астам өнім жөнелтілді. Жалпы, отандық зауыттар зарарсыздандыру құрал-жабдықтарын қанша қажет болса, сонша көлемде шығаруға қауқарлы. Сондықтан тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ. Дезинфекциялық құралдар мен өнімдер жеткілікті», – деді министрдің міндетін атқарушы. Оның сөзінше, өкпені жасанды желдеткіш аппараттары өз елімізде де өндіріледі. Бүгінде Көкшетау қаласындағы «Тыныс» АҚ осындай 700 мобильді аппаратты жасап шығару жұмыстарына кірісіп те кеткен екен.

-->