Ертең Ыстанбұлдан, Делиден чартерлік рейспен отандастарымыз ұшып келеді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев онлайн баспасөз конференциясы барысында коронавирус індетіне байланысты тоқтатылған әуе рейстері жайлы айтып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бізде халықаралық 97 бағыт болатын, оған 440 рейс орындайтынбыз. Ал ішкі бағытта 540 рейс болатын. Олар енді толықтай тоқтатылды деп айтуға болады. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының әуежайлары 1-13 сәуір аралығында жұмысын тоқтатты. Жұртшылық тарапынан 13 сәуірден кейін ұшақтар ұша ма деген сауал жиі түсіп жатыр. Қазіргі жағдайға байланысты Бас санитарлық дәрігердің шешімін күтеміз. Рұқсат берілген күні рейстер ары қарай жүретін болады», - дейді Қайырбек Өскенбаев. Дегенмен шектеулерге қарамастан кейбір әуе көліктері ұша беретінін мәлім етті. «Айта кету керек, жүк тасымалдайтын әуе көліктері жүре береді. Оларға ешқандай шектеу қойылған жоқ. Ал чартерлік рейстер бұрынғыдай емін-еркін жүре алмайды. Оларға да талаптарды күшейттік. Бізге алдымен хат жіберуі керек. Өз кезегінде біз санитарлық-эпидемиологиялық қызметке тізімін жібереміз. Рұқсат берілсе ғана ұша алады», - дейді ведомство басшысының міндетін атқарушы. Егер халықаралық рейстер тоқтатылатын болса шетелде жүрген қазақстандық азаматтар елге қалай оралуы мүмкін? «Шетелдегі қазақстандықтардың мәселесімен бізде Сыртқы істер министрлігі айналысады. Олардың тапсырмасы бойынша біздің әуе компаниялары дайын тұр. Мәселен, ертең Ыстанбұлдан, Делиден екі рейс ұшып келеді. Сыртқы істер министрлігінің тапсырмасымен тікелей ұшып келеді», - дейді Қ.Өскенбаев.
-->Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев онлайн баспасөз конференциясы барысында коронавирус індетіне байланысты тоқтатылған әуе рейстері жайлы айтып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бізде халықаралық 97 бағыт болатын, оған 440 рейс орындайтынбыз. Ал ішкі бағытта 540 рейс болатын. Олар енді толықтай тоқтатылды деп айтуға болады. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының әуежайлары 1-13 сәуір аралығында жұмысын тоқтатты. Жұртшылық тарапынан 13 сәуірден кейін ұшақтар ұша ма деген сауал жиі түсіп жатыр. Қазіргі жағдайға байланысты Бас санитарлық дәрігердің шешімін күтеміз. Рұқсат берілген күні рейстер ары қарай жүретін болады», - дейді Қайырбек Өскенбаев. Дегенмен шектеулерге қарамастан кейбір әуе көліктері ұша беретінін мәлім етті. «Айта кету керек, жүк тасымалдайтын әуе көліктері жүре береді. Оларға ешқандай шектеу қойылған жоқ. Ал чартерлік рейстер бұрынғыдай емін-еркін жүре алмайды. Оларға да талаптарды күшейттік. Бізге алдымен хат жіберуі керек. Өз кезегінде біз санитарлық-эпидемиологиялық қызметке тізімін жібереміз. Рұқсат берілсе ғана ұша алады», - дейді ведомство басшысының міндетін атқарушы. Егер халықаралық рейстер тоқтатылатын болса шетелде жүрген қазақстандық азаматтар елге қалай оралуы мүмкін? «Шетелдегі қазақстандықтардың мәселесімен бізде Сыртқы істер министрлігі айналысады. Олардың тапсырмасы бойынша біздің әуе компаниялары дайын тұр. Мәселен, ертең Ыстанбұлдан, Делиден екі рейс ұшып келеді. Сыртқы істер министрлігінің тапсырмасымен тікелей ұшып келеді», - дейді Қ.Өскенбаев.