Елордадағы азық-түлік бағасы тұрақты
Мониторинг жүргізу үшін қалалық мәслихат депутаттары «Aqmol» сауда үйі мен «Magnum» және «Аян»дүкендеріне барды. Жалпы сөрелердегі баға сауда нүктелерімен жасалған қарыз шарты шеңберіндегі азық-түліктің қолданыстағы құнына сәйкес келеді.
Спикердің айтуынша, азық-түлік бағасының өсуіне инфляция айтарлықтай әсер етеді. Энергия мен мал азығы бағасының өсуі азық-түлік құнының өсуіне әкеледі. Дүкен әкімшілігінің өкілдері жеткізушілерде өнім көлемі жеткіліксіз, сондықтан мәселелер туындайды дейді. Азық-түлікті қымбаттатып сататын тәртіп бұзушыларға шара қолданылады.
«Magnum» дүкендер желісі филиалының директоры Сәуле Есілбаеваның айтуынша, жекелеген сауда нүктелерінде бүгінгі таңда бұл алыпсатарлықтың алдын алу үшін қант әр адамға тек 2 келіден ғана беріледі. Адамдар қулыққа басып, бүкіл отбасымен келетін көрінеді.
-->Мониторинг жүргізу үшін қалалық мәслихат депутаттары «Aqmol» сауда үйі мен «Magnum» және «Аян»дүкендеріне барды. Жалпы сөрелердегі баға сауда нүктелерімен жасалған қарыз шарты шеңберіндегі азық-түліктің қолданыстағы құнына сәйкес келеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін қалалық бюджеттен ірі дүкендерге жеңілдетілген несие бөлінеді. Жалпы алғанда, жағдай тұрақты. Тек бірнеше жерде ғана біз бағаның өскенін байқадық. «Magnum» сауда желісінде 1300 теңге болуы тиіс тауық еті 1565 теңгеден сатылуда. «Aqmol» сауда үйінде 1450 теңгеден сатылып жатыр. «Родина» сүтінің орташа бағасы – 240 теңге, бірақ «Aqmol» сауда үйінен оны 300 теңгеге сатып алуға болады. Қант 2 түрлі бағамен 370 және 480 теңгеден сатылады. «Magnum» дүкендер желісінде оны 470 теңгеден сатып жатыр. Қалада «тәтті» өнім жеткілікті, бірақ халық шамадан тыс дүрлігеді. Бұл тосап дайындау маусымына байланысты болуы мүмкін. Қант өндірушілермен келісім-шарттар жасалды. Орташа сату нормасы 60 тонна болса, бүгінде олар 80 тонна сатады. Оның сатылымы артып келеді, адамдар көп, - деді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыс тобы комиссиясының төрағасы Бауыржан Смайылов.
Спикердің айтуынша, азық-түлік бағасының өсуіне инфляция айтарлықтай әсер етеді. Энергия мен мал азығы бағасының өсуі азық-түлік құнының өсуіне әкеледі. Дүкен әкімшілігінің өкілдері жеткізушілерде өнім көлемі жеткіліксіз, сондықтан мәселелер туындайды дейді. Азық-түлікті қымбаттатып сататын тәртіп бұзушыларға шара қолданылады.
Біз бұл мәселені елорданың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен талқылайтын боламыз. Олар бұған назар аударуы тиіс. Сондықтан біз бағаларды сауда нүктелерімен жасалған келісімде көрсетілген бағаларға сәйкестендіру үшін мониторинг жүргіземіз. Олар өнім құны тауар өндірушілердің бастамасы бойынша негізсіз өсірілгенін мәлімдейді. Кәсіпкерлік басқармасы мен «Astana» әлеуметтік-азық-түлік корпорациясы бұл жағдайды реттейді», - деді ол.