Елорда жаңалықтары

Елімізде эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125 млрд теңге қарастырылады

Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов Үкімет резервінен қаражат бөлу мәселесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жеке қорғаныс құралдары, зарарсыздандырғыш заттар, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алуға 11,5 миллиард теңге аударылды. Олардың шамамен 30 пайызы Нұр-Сұлтан қаласына, Алматыға 1,4 миллиард теңге, Шымкентке 605 миллион теңге бағытталған. Бұған қоса эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125 миллиард теңге қарастырылады. Оның 40,6 миллиард теңгесі денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін ынталандыру үшін жұмсалады», - деді Шолпанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

-->