Елорда жаңалықтары

Елордада бірінші сыныпқа 26 мыңға жуық бала барады

Қазіргі кезде мектеп қорында 1-11 сынып аралығында 2,5 млн астам оқулық бар. Биыл  мектептердің кітапхана қоры 2 сыныптарға арналған жаңадан шыққан кітаптармен толықтырылады. Бүгінде мектептер оқулықтарды 1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сыныптарға таратуды бастаған.

Басшының айтуынша, елордадағы 4 мектептің үш ауысым мәселесі жайына тоқталып өтті.

-->

25 тамызға дейін елордалық оқушылар 100 пайыз оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілетін болады. Бала санының өсуіне байланысты 1 млн-нан астам қосымша оқулықтар сатып алынатын болады. Көші-қон ағымына байланысты жыл сайын оқушылар саны 15-20 мың балаға артуда.Егер 2020-2021 оқу жылында оқушылардың жалпы саны  – 193 512 баланы құраса, 2021-2022 оқу жылында - 215 074 бала білім алды, - деді Қ.Сенғазыев.

Басшының айтуынша, елордадағы 4 мектептің үш ауысым мәселесі жайына тоқталып өтті.

Осы үш ауысымдық және тығыздылық мәселесін шешу мақсатында жылдың соңына дейін 23 000-ға арналған 11 мектеп пайдалануға беріледі. Ол өз кезегінде 7 мектептің тығыздық мәселесін шешуге ықпал етеді. Қыркүйек айында екі мектеп ашылады: Е51, Е69, Е70 және "Зам-Зам" тұрғын үй кешені ауданында  Binom мектебі және Е-22 және Тұран даңғылы ауданында International School Of Nur-Sultan City.  Аталған мектептердегі оқушы орындарының жалпы саны 6 мыңды құрайды (екі ауысымда). Жол картасына сәйкес 2025 жылға дейін 80 880 орынға арналған 67 мектептің құрылысы жоспарланған, - деді басшы.