Елімізде экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға 5,9 трлн теңге бөлінді
Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов онлайн баспасөз конференциясы барысында экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға бөлініп отырған қаражат жайлы егжей-тегжейлі мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, Үкімет экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі және қабылдап отыр. Дағдарысқа қарсы жалпы пакет салықтық преференцияларды есепке алмағанда қосымша 5,9 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 2,5 трлн теңге бюджеттен тыс қаржы. 3,5 трлн теңге республикалық бюджеттен алынады», - деді ол. Ол сөз арасында қаржылай қолдау үш бағыт бойынша жүзеге асырылатынын мәлім етті. «Төтенше жағдай режимі кезінде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 1,2 трлн теңге қарастырылды. Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру үшін 300 млрд теңге бөлінеді», - дейді. Сонымен қатар инфрақұрылымдық жобалар бойынша 250 мың жұмыс орны құрылатынын жеткізді. «Бизнестің жол картасын жүзеге асыруға қосымша 84,5 млрд теңге бөліну қарастырылып отыр. Кәсіпкерлікті субсидиялау арқылы шараларды күшейту және кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру ісі қаралды. Бұл шамамен 16 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сол сияқты 250 млрд теңгеден астам қаржы салыққа түседі деген болжам бар», - дейді Берік Шолпанқұлов.
-->Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов онлайн баспасөз конференциясы барысында экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға бөлініп отырған қаражат жайлы егжей-тегжейлі мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, Үкімет экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі және қабылдап отыр. Дағдарысқа қарсы жалпы пакет салықтық преференцияларды есепке алмағанда қосымша 5,9 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 2,5 трлн теңге бюджеттен тыс қаржы. 3,5 трлн теңге республикалық бюджеттен алынады», - деді ол. Ол сөз арасында қаржылай қолдау үш бағыт бойынша жүзеге асырылатынын мәлім етті. «Төтенше жағдай режимі кезінде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 1,2 трлн теңге қарастырылды. Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру үшін 300 млрд теңге бөлінеді», - дейді. Сонымен қатар инфрақұрылымдық жобалар бойынша 250 мың жұмыс орны құрылатынын жеткізді. «Бизнестің жол картасын жүзеге асыруға қосымша 84,5 млрд теңге бөліну қарастырылып отыр. Кәсіпкерлікті субсидиялау арқылы шараларды күшейту және кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру ісі қаралды. Бұл шамамен 16 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сол сияқты 250 млрд теңгеден астам қаржы салыққа түседі деген болжам бар», - дейді Берік Шолпанқұлов.