Елорда жаңалықтары

Еңбек министрлігі ардагерлерге үй беру мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі Əлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Асқар Ниязов ардагерлерге үй беру мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазіргі таңда Қазақстанда 1 025 ардагер бар. Олар Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері қатарынан. Соғысқа қатысушылар және мүгедектерге тұрғын үй беру мәселесіне келсек, премьер-министр орынбасарының тапсырмасына сәйкес, 2015 жылы, яғни Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын атап өту қарсаңында ардагердің барлығы толық қамтылған болатын. Бұған қоса, қолданыстағы заңға сәйкес, ардагерлеріміз қатарынан, яғни Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген ардагерлеріміздің қатарынан 2 100-ге тарта азамат қазір баспана кезегінде тұр. Оның 366-сы жергілікті атқарушы органдардың тарапынан берілген уақытша тұрғын үйде тұрып жатыр», - деді Асқар Ниязов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->