Елорда жаңалықтары

«Ұмай» фильмі Ұлыбританиядағы кинофестивальде екі бірдей жүлдемен марапатталды

Режиссер Іңкәр Әбдраштың «Ұмай» («Мальчик у окна») атты қысқаметражды фильмі British International Amateur Film Festival (BIAFF) Халықаралық әуесқойлар кинофестивалінде «Ең үздік фильм» және «Ең үздік сценарий» номинациясы бойынша топ жарды, деп хабарлайды Елорда Инфо "Қазақфильм" киностудиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған туынды іс-шара аясында байқаудың үздік фильмдеріне берілетін Daily Mail баспасының арнайы сыйлығына да үміткер атанды.

Ұйымдастырушылар Британ аралдарында коронавирустың өршуіне байланысты ең ауқымды әуесқойлар кинофестивальнің салтанатты кешін кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Бұл туралы кинофестивальдің ресми сайтында былай делінген:

«Өздеріңіз білесіздер, Ұлыбританиядағы кейбір іс-шаралардың мерзімі шегеріліп, кейбірі – мүлде шектетілді. Мамырдың 8-10 аралығына жоспарланған BIAFF-2020 фестивалін 2020 жылдың 16-18 қазанға ауыстыру туралы шешім қабылданды».

Фестиваль ұйымдастырушыларының өкілдері отандық кинотуындының түсірілім тобын жеңістерімен құттықтап, қазылар алқасының оң пікірлерін жіберді. Олар фильмнің басты рөлдегі актерлары Алмаз Ақылбай мен Гүлнар Сильбаеваның жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар қазылар алқасы оператордың кәсіби жұмысын, фильмнің монтажын және дыбыстық сүйемелдеуін ерекше атап өтті.

Қазылар алқасының атынан Майк Уитмен:

«Бұл – бірінші кадрдан-ақ көрермендерді қызықтыратын әдемі фильм. Жеңістеріңіз құтты болсын!» – деп құттықтады.

Естеріңізге салсақ, Іңкәр Әбдрашованың дебюттік фильмінің желісі өзімшіл актрисаның өмірін түбегейлі өзгертетін балалар үйінің тәрбиеленушісінің өмірін баяндайды.

Айта кетсек, картинаның продюсерлері Фархат Әбдірайымов пен Гүлшат Смағұлова болды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірді.

-->