Елорда жаңалықтары

Елордада 10-қабаттан құлап кеткен баланың жағдайы белгілі болды

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кеткен бес жасар қызды сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қағып алуға тырысқан.

-->

31 шілдеде ауруханаға 2017 жылы туған науқас жеткізілді. Бала нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Ол түрлі дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бала толықтай емделіп және тексерілуде, - деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кеткен бес жасар қызды сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қағып алуға тырысқан.