Елорда жаңалықтары

Елордада Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Салтанатты жиынға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және мемлекеттік мекеме басшылары сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мұнда жиналған қауым ұлт перзентіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.

-->

Салтанатты жиынға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және мемлекеттік мекеме басшылары сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Абайдың сөзі – мыңжылдықтардың еншісі.  Сондықтан «Жаңа Қазақстанды» өркендету үшін Абайдың даналық ғибраттарын  ісімізде, қарекетімізде, ойымызда қолдануымыз керек. Бастысы, Абайдың ғибраттарын, кемеңгерлік кеңестерін өмірімізде лайықты пайдалануымыз қажет. Сол кезде ғана біз рухани жетілеміз және «Жаңа Қазақстанды» дамытамыз. Абай – адамзаттың сөзін сөйлеген адам. Ол адамзат ойшылдарының қатарында тұрған адам. Ол – Пушкин мен Лермонтовты сөйлеткен адам. Абайдың жолы – «Жаңа Қазақстанның» жарқын жолы деп есептеуіміз керек, - деді ғалым Серік Негимов.

Мұнда жиналған қауым ұлт перзентіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.

Жыл сайын 10 тамыз күні дәстүр бойынша Абайдың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі болады. Кейін елордада ауқымды іс-шаралар басталады. Мәселен, мектептер мен ЖОО-да танымдық іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, биылдан бастап ірі-ірі сауда орталықтарында Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің аудио нұсқасы жарияланып тұрады. Бұл күнделікті 15-20 рет шығып тұрады, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.