Елорда жаңалықтары

Елордалық тұрғын 10-қабаттан құлап бара жатқан баланы қағып алған

Департамент өкілдері баланы құтқарып қалған Талғат Әбдіханұлын марпаттауды жөн көріп, оған хабарласқан.

Алайда, ол бүлдіршіннің ауыр халде жатқанын алға тартып, марапаттан бас тартыпты.

-->

Осы жылдың 31 шілдесінде сағат 20:50-де құтқару қызметіне жедел жәрдемнен қоңырау түсті. Онда Қабанбай батыр даңғылы, 42 мекенжайында орналасқан үйдің 10-қабатынан бала құлағаны айтылған. Биіктен құлаған бала 2017 жылы туған. Оны сол үйде тұратын 1988 жылғы азамат жолай өтіп бара жатып кездейсоқ көріп, дереу баланы қағып алуға тырысқан. Ол осылайша баланы жерге қатты соғылудан сақтап қалды. Дегенмен бүлдіршін қазір №2 аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, - деді ТЖД баспасөз қызметі.

Департамент өкілдері баланы құтқарып қалған Талғат Әбдіханұлын марпаттауды жөн көріп, оған хабарласқан.

Алайда, ол бүлдіршіннің ауыр халде жатқанын алға тартып, марапаттан бас тартыпты.