Елорда жаңалықтары

Covid-19-бен күресіп жатқан дәрігерлердің үстеме ақы алмағаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

«Көпсалалы медициналық орталық» ШЖҚ МКК коронавирус инфекциясымен күреске тартылған астананың дәрігерлері үстеме ақы алмағаны туралы БАҚ беттерінің бірінде шыққан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бұл туралы жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлері жалақыдан бөлек сыйақы алды. Ақпан-наурыз айларына басқа, төрт жалақы алды. Қолымызда тиісті тізім бар. Мысалы, аға медбике Айман Оралбаева ақпан-наурыз айларында 1 млн 274 мың 592 теңге (салықты алып тастағанда 1 млн 33 мың 335 теңге) алды. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің медбикесі Жанар Мұхамеджанова ақпан-наурыз айларында 1 млн 50 мың 46 теңге (салықтарды шегерумен – 922 мың 299 теңге) алды. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің медбикесі Тамара Әмірбекова ақпан-наурыз айларында 919 мың 220 теңге алды (салықтарды алып тастағанда 737 мың 439 теңге). Жұқпалы аурулар бөлімінің санитары Гүлнәр Харина ақпан-наурыз айларында 493 мың 848 теңге (салықтарды алып тастағанда 456 мың 629 теңге) алды. 15 күн төсек өзгермегені, тамақтанудың төмен сапасы туралы ақпарат мүлдем шындыққа сәйкес келмейді. БАҚ-та дұрыс ақпарат жарияланбағаны үшін сотқа жүгінеміз», - деді «Көпсалалы медициналық орталық» МКК директоры Мұхтар Төлеутаев. Осылайша жоғарыда айтылған қызметкерлерге еңбек өтілі бойынша төлемдер толық көлемде жасалды.

-->