Үлгермей қаламыз деп уайымдамаңыздар – министр президент үндеуі жайлы айтты
Ақпарат және қоғамдық даму министрі азаматтарға Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Кеше Мемлекет басшысы халыққа үндеу жолдады. Президент өз үндеуінде дағдарысқа қарсы шаралардың екінші пакетімен таныстырды. Үкімет Мемлекет басшысы тапсырмасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын дайындап жатыр. Дайын болғанда, әрбір мемлекеттік орган өзіне жүктелген тапсырмалар туралы толық мәлімет береді. Яғни, мемлекет көмегін қалай, қай жерде, қандай тәртіппен алу керек екені нақты түсіндіріледі. Қазір бұл механизмдер пысықталуда. Сондықтан үлгермей қаламыз деп уайымдаудың керегі жоқ. Тағы да қайталап айтамыз, көмекке мұқтаж барлық адамға жәрдем беріледі. Мемлекет ешкімді қамқорсыз қалдырмайды», -деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Бұған дейін ол карантинді ұзарту жайлы пікір білдірген болатын.
-->Ақпарат және қоғамдық даму министрі азаматтарға Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Кеше Мемлекет басшысы халыққа үндеу жолдады. Президент өз үндеуінде дағдарысқа қарсы шаралардың екінші пакетімен таныстырды. Үкімет Мемлекет басшысы тапсырмасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын дайындап жатыр. Дайын болғанда, әрбір мемлекеттік орган өзіне жүктелген тапсырмалар туралы толық мәлімет береді. Яғни, мемлекет көмегін қалай, қай жерде, қандай тәртіппен алу керек екені нақты түсіндіріледі. Қазір бұл механизмдер пысықталуда. Сондықтан үлгермей қаламыз деп уайымдаудың керегі жоқ. Тағы да қайталап айтамыз, көмекке мұқтаж барлық адамға жәрдем беріледі. Мемлекет ешкімді қамқорсыз қалдырмайды», -деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Бұған дейін ол карантинді ұзарту жайлы пікір білдірген болатын.