00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға кімдер қатыса алады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға кімдер қатыса алады
ашық дереккөз

Брифингте жаңа бизнес-идеяларды іске асыру қалай жүргізілетіні туралы айтылды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін Мемлекеттік гранттар беру 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан жұмыссыз адамдар, кәсібін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер; зейнет жасына толмай қысқартылатын қызметкерлер; дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарлар өндіру (өткізу), жұмыс жасап және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар және (немесе) жұмыс істемейтін дара кәсіпкерлер; кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, тауарлар шығару (өткізу), жұмыстар орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті отбасылық кәсіпкерліктегі ақы төленбейтін қызмет; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жеке қосалқы шаруашылықта сату (айырбастау) үшін өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар; табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері өте алады, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақыт Бекенов.