Елорда жаңалықтары

Елордада жаңа оқу жылында тағы 11 мектеп ашылады

-->

20 мың оқушыға арналған білім ордалары ашылады Алдағы жаңа оқу жылында тағы 11 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша. Мектепке деген қажеттілік бар екенін ескере келе, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оқу орындарының құрылысы айтарлықтай артты.

Соңғы үш жылдың өзінде 34 мектеп салынды. Осылайша 70 мың оқушы орны ашылды.

Оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Мәселен тұрғындардың өтініші бойынша №59 мектеп-лицейінің (Сауран көшесі) аумағында жаңа корпустың құрылысы басталды.

Қаланы аралау барысында Тұран даңғылы (қарқынды дамып келе жатқан аудан, Зам-Зам ТК ауданы, Е51 және Е69 көшелерінің қиылысы) бойында салынып жатқан мектепке бардым. Мектеп 4 мың орынға (2 ауысымда) есептелген.

Мектеп құрылысы үшін жеке кәсіпкерлер де жұмылдырылады. Мұның бәрін бюджеттің қаражатына жүктеуге болмайды. Оның үстіне ата-аналар тарапынан жеке мектептерге деген сұраныс та бар. Мысалы «Emirates Global Education Group» компаниясының өкілдерімен кездестік. Олар өз қаражаты есебінен елордада «Sabis» халықаралық мектебі мен балабақша салып жатыр. Жалпы саны 3200 оқушыға арналады. Бұл мектепті келесі жылы ашуды жоспарлап отырмыз, - деп жазды А.Көлгінов.