Дәурен Абаев карантинді ұзарту жайлы пікірін білдірді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантинді ұзарту жайында пікірін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
«Қазір карантинді ұзарту туралы айту ерте. Ешкім екі апта бұрын эпидемиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды. Бірақ біз барлығына дайын болуымыз керек. Сондықтан кеше айтылған барлық шаралар (президент үндеуі – автор) жағдай күрделеніп кетсе де, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау кепілі. Ол үшін бізде қажетті шарттың барлығы жасалған. Мемлекет басшысының тапсырмасы, нақты жұмыс жоспары және ұлттық қорда жиналған қаражат бар», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
-->Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантинді ұзарту жайында пікірін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.