Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жария болды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Қаулымен бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың өзі таныстырды.
«Бүгінгі күні 369 науқастың 91-і ғана індетті шетелден әкелген. Ал қалған жағдайдың бәрі – бірінші, екінші және үшінші жұқтырғандармен байланысқа түскен адамдар. Бұл инфекцияның іште таралып жатқанын білдіреді. Бір байланысқа түскен адамнан індетті он адамға дейін жұқтырады. Бұл біздің статистика. Вирус тез жұғады, сондықтан карантин сақтау керек», - деді А.Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Бұған дейін ол «елімізде коронавирустан көз жұмғандардың денесі туыстарына берілмейді» деген болатын.
-->