Елорда жаңалықтары

Елордада ағза трансплантациясынан аман қалған науқастар арасында республикалық спартакиада өтеді

Осыдан 10 жыл бұрын, 2012 жылдың 8 тамызында Қазақстанда алғаш рет өлгеннен кейін донордан орган трансплантациясы жасалды. Байқауды ұйымдастырушы және қатысушылардың бірі – сол күні елімізде бірінші болып жүрегін ауыстырған Жәнібек Успанов. Ол – қазір трансплантацияланған науқастардың «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Бірлестік міндеттерінің бірі – трансплантациядан кейінгі адамдардың жай-күйі мен өмір сүру ұзақтығын арттыруға және Қазақстанда өлгеннен кейінгі донорлық пен мүшелерді трансплантациялауды дамытуға үлес қосу. «Өмір тынысы» 17 елдің басын біріктіретін трансплантациядан кейінгі Дүниежүзілік және Еуропалық спорт федерациясында Қазақстанның атынан шығып, халықаралық жарыстарға үнемі қатысып келеді. Қазақстандықтардың арасында осындай турнирлердің жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар.

Қазақстандағы тұңғыш трансплантацияның 10 жылдығына арналған республикалық жарыс әр түрлі жас санаттары бойынша бес спорт түрінен – жүзу, үстел теннисі, боулинг, волейбол, дартс бойынша өтеді. Оларға еліміздің барлық аймақтарынан 150-ден астам адам қатысады деп күтілуде.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Д. Абаев, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А.Ғинаят, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары, трансплантолог дәрігерлер, қоғам қайраткерлері қатысады.

Іс-шараның күні мен мекен-жайы:

8-11 тамыз, Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран даңғылы, 59, «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешені

Ойындардың салтанатты ашылуы: 8 тамыз 10:00-11:00

Ойындардың салтанатты жабылуы: 11 тамыз 14:00

-->