Елорда жаңалықтары

Елордалық ұландар алғашқы жауынгерлік қызметке шықты

Жақында ғана әскери ант қабылдаған жас жауынгерлерге қару-жарақ бекітіліп, әскери техника тағайындалды. Енді олар елорда аудандарында дербес қызмет етуге кірісті.

Айта кетейік, жас сарбаздар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін, қала тыныштығын қамтамасыз етеді. Елордалық жедел бригаданың мыңнан астам әскери қызметшісі күн сайын 2 ауысымда 4 ауданда қызмет атқарады.

5573 әскери бөлімінің командирі полковник Аян Есжанов саптық алаңда өткен таралымда жас сарбаздардың жауапты қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, заңдылық пен әскери жарғы талаптарын қатаң сақтауды, халыққа қалтқысыз қызмет етуді тапсырды. Құрама командирі атап өткендей, жас сарбаздар әскери қызмет кезінде тонау, ұрлық және қарақшылық фактілерін ашады, іздеуде жүрген күдіктілерді ұстайды, жоғалған ұялы телефондар, ноутбуктер мен әмиян-сөмкелерді табады, есірткі қолданушыларды, жасырушыларды, сатушыларды құрықтайды, сондай-ақ ата-аналарға жоғалған балаларын немесе жақындарын табуға көмектеседі.

Мәселен, 2022 жылдың І жартыжылдығында елордалық бригаданың әскери қызметшілері 3500-ге жуық құқық бұзушыны ұстап, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық полиция басқармаларына жеткізген.

Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәліметінше, жарты жылда әскери жасақтар 21 ұрлық, 6 тонау деректерін анықтаса, есірткі құралдары және психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеудің 3 дерегін тіркеген.  2 алаяқтық және өзге де 15 қылмыстың бетін ашқан.

Елордалық ұландар ағымдағы жылдың 6 айында 13 жоғалған баланы тауып, автокөліктен мүлік ұрлаудың 4 жағдайына тосқауыл болған. 3 мәрте әмиян тауып, иелеріне қайтарды. Бір рет өрт сөндіруге қатысты.

-->