Елорда жаңалықтары

Елордада салмағы 6 келіге жуық сәби дүниеге келді

Медицина қызметкерлері Исатай батыр деп атап кеткен сәби 4 тамыз күні өмірге келді. Туған кездегі бойы – 63 см. Ол – отбасындағы үшінші бала. Кішкентай батырдың әпкесі мен ағасы бар.

30 жастағы әйел жүктіліктің 39 аптасында табиғи түрде босанған.

-->

Қиын болды, бірақ мен перзентхана дәрігерлеріне дән ризамын. Жанымда бірнеше маман болды, маған қолдау жасап, жағдайды бақылап отырды. Керек десеңіз, жанымда перзентхана және босанғаннан кейінгі бөлім меңгерушілері де тұрды, - дейді нәрестенің анасы.