Елорда жаңалықтары

Депутаттар бір күндік жалақысын Мақтаарал ауданында зардап шеккендерге аударды

Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Мақтаарал ауданында зардап шеккендерге арналған көмек қорына аударды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Мәжіліс сайтына сілтеме жасап. Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы бір күндік еңбекақыны Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерде су басу салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аудару туралы қаулы қабылдады. Қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге бағытталады.

-->