Елорда жаңалықтары

Елорданың үздік педагогтары телеарналар арқылы оқушыларға сабақ өткізеді

Бұл туралы бүгін қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Сабақтар оқу бағдарламасына, кестеге сәйкес өткізіледі. Әр пәнді 30 минуттан аспайтын шамада өткізу ұсынылды. Мұғалім түрлі технологияларды қолдана алады, сол үшін әр ұстаз, әрбір ұжым бұл мәселені пысықтап жатыр. Қазір «Балапан» және «Ел арна» телеарналарында бейнесабақтар түсірілуде. Елорданың үздік мұғалімдері осы бағдарламалар арқылы еліміздің барлық аймағындағы оқушыларға сабақ үйретеді», деді ол. Шолпан Қадырованың айтуынша, мұғалімдер білім беру платформалары арқылы оқушылармен байланыс орнатады. Бұған қоса оқу материалдарын «Қазақ радиосы» арқылы тыңдау мүмкіндігі қарастырылған.

-->