Елорда әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталды
Әуежай осы жылдың ақпан айында жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдаған еді. Содан кейін жұмыс кестесі туралы ақпарат әуе компанияларына уақытылы жіберілді. Әуетасымалдаушылар әуежайдан алынған хабарлама негізінде рейстер кестесіне өзгерістер енгізді.
-->Құрылыс-жөндеу жұмыстары 15 шілде мен 4 тамыз аралығында (11:00-ден 18:00-ге дейін) жүргізілді. Барлығы 22 000 шаршы метрден астам асфальт-бетон жабыны жөнделді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жыл сайын жүргізіледі, - делінген әуежай хабарламасында.