Елорда жаңалықтары

Елордада халықтың әлеуметтік осал топтары азық-түлікті арнайы картамен сатып алады

Оның айтуынша, аталған карта арқылы азық-түлік өнімдерін осы санаттағы адамдар ғана алады.

-->

«Қазіргі кезде «Магнум» ЖШС-мен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін карта бойынша арзандатылған тауарды өткізудің қанатқақты жобасын пысықтап жатырмыз, яғни оларда өздерінің карталары бар. Осы орайда халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімін енгізбекпіз. Бұл ретте 160 мыңға тарта адам бар», - деді Е. Балтаев қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, аталған карта арқылы азық-түлік өнімдерін осы санаттағы адамдар ғана алады.

«Ал табысы жеткілікті деңгейдегі адамдар өнімді нарық бағасымен сатып алады. Атап айтқанда, қаралып отырған бұл қадамдар арзандатылған тауарды халықтың әлеуметтік осал топтарына өткізуге мүмкіндік береді», - деді басқарма басшысы.