Елордада кәмелет жасына толмаған балалардың ісі қаралды
Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы мектеп-лицейінде өткен отырысқа білім, денсаулық, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, құқық саласы бойынша мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібінде елорда аудандарының полиция қызметкелері кәмелеттік жасқа толмаған 3 баланың ісі бойынша баяндама ұсынды. Қаралған мәселелерде ата-ананы тыңдамау, көшеде бұзақылық жасау немесе ата-ананың бала өміріне жауапкершілік алмау деректері болды.
Комиссия мүшелері әр баланың құқығы мен болашағы туралы талқылады. Жиынға қатысқан ата-ана мен балаға сұрақтар қою арқылы ортақ шешім шығарды.
Комиссия мүшелері қабылдаған шешімнің дұрыс әрі бала мен ата-анаға оңтайлы болғаны үш айдан кейін белгілі болады.
Сондай-ақ, отырыста деструктивті діни ағымдарға тарту мен суицидтің алдын алу, медициналық әлеуметтік көмек көрсету туралы комиссия мүшелерінің есебі тыңдалды.
-->Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы мектеп-лицейінде өткен отырысқа білім, денсаулық, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, құқық саласы бойынша мемлекеттік қызметкерлер қатысты.