Елорда жаңалықтары

Коронавирус: елорда ауруханаларында кәмлетке толмаған 96 бала жатыр

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн баспасөз конференциясы барысында астанадағы коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Тексеру барысында коронавирус инфекциясы анықталды. Сонымен бірге, туысқандары және жұмыстағы қызметкерлері арасынан жақын байланыста болған адамдар медициналық ұйымдардың бақылауында. 2020 жылдың 31 наурызы күнгі жағдай бойынша ауруханада 1 693 адам жатыр. Оның 96-сы 18 жасқа дейінгі балалар. Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған 175 адам тіркелді», - дейді Сәуле Қисықова. Басқарма басшысы сөз арасында науқастардың 45 пайызы ер адамдарға, 55 пайызы әйел адамдарға тиесілі екенін атап өтті. «Науқастардың ішінде 30-49 жастағы 76 адам бар, бұл жалпы санының 45 пайызын құрайды. Ал 18-29 жастағы 27 адам бар. 60-69 жастағылар – 10 пайыз (17 адам). Сонымен қатар, тіркелген 175 науқастың 61 пайызы немесе 107 оқиғасы стационарларда ертерек оқшауландырылған немесе науқастармен жақын байланыста болғаны себепті үй карантинінде болғандар. Олар – отбасы мүшелері, қызметтегі әріптестері, медициналық қызметкерлер, бортта бірге болған жолаушылар», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Ол өз сөзінде науқастардың жағдайына егжей-тегжейлі тоқталып өтті. «Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатарында 6 адамның жағдайы тұрақты ауыр. Ал 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қалғандарының жағдайы ойдағыдай. Емдеу жұмыстары хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді.

-->