Елордада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды
Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Оның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға көмек көрсету.
Биыл Байқоңыр ауданында қайырымдылық акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 1000-ға жуық балаға мектеп формасы мен оқу құралдары салынған сөмкелер табысталады.
-->Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Оның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға көмек көрсету.
Акцияға қатысу үшін мұқтаж ата-аналар өз балалары оқитын мектептің әлеуметтік педагогтарына жүгіне алады. Одан кейін тізімдер аудан әкімдігіне жіберілетін болады. Сонымен қатар игі дәстүр аясында біз «Әлем», «Жаннұр» және «Аймақтау» СҮ жанында «Мектепке жол-2022» брендтелген қайырымдылық үйшіктерін орнаттық. Онда әрбір адам мұқтаж отбасыларға көмектесу үшін рюкзактар мен мектепке қажетті керек-жарақтарынқалдыра алады, - деді елордадағы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.
Биыл Байқоңыр ауданында қайырымдылық акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 1000-ға жуық балаға мектеп формасы мен оқу құралдары салынған сөмкелер табысталады.