Елорда жаңалықтары

Дәрігерлер мектеп оқушыларының ата-аналарын екпе алуға шақырды

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Әлия Рүстемова азаматтарды оқу жылының басталуын ескере отырып, вакцинацияны кешіктірмеуге шақырды.

Спикер егер ересектер вакцинацияланса, балалар оқуын офлайн форматта еш қиындықсыз жалғастыра алатынын айтты. Ол сонымен қатар қала бойынша қанша бала коронавируспен ауырып жатқанын мәлім етті.

Оның айтуынша, оқу жылының басталысымен мектеп жанындағы медицина қызметкерлері нұсқама өткізіп, оқушыларға эпидемиологиялық талаптарды сақтау керектігін түсіндірді.

-->

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Әлия Рүстемова азаматтарды оқу жылының басталуын ескере отырып, вакцинацияны кешіктірмеуге шақырды.

«Егер біз жазғы жағдайдың қайталанғанын әлі де қаламасақ, өз денсаулығыңызға және жақындарыңызға жауапты болуыңызды сұраймын. Оқу жылы басталды, оқушылар мен студенттер дәстүрлі оқыту форматына оралды. Бұл әрине, қуанышты жаңалық, бірақ біз балалар мен жасөспірімдердің білім беру мекемелерінде жұқпалы ауру жұқтырғанын, білім ошақтарына карантин енгізілгенін қаламаймыз. Балалар офлайн оқиды, сол себепті ата-аналардың екпе алуы өте маңызды. Тек осылай ғана біз балаларды індеттен сақтаймыз», – деді Ә.Рүстемова.

Спикер егер ересектер вакцинацияланса, балалар оқуын офлайн форматта еш қиындықсыз жалғастыра алатынын айтты. Ол сонымен қатар қала бойынша қанша бала коронавируспен ауырып жатқанын мәлім етті.

«Қазіргі уақытта стационарларда 43 бала емделіп жатыр. Қуанарлығы, реанимация бөлімшесінде жатқан балалар жоқ. Жыл басынан бері балалар арасында коронавируспен ауыратындардың саны 10 мыңнан асты. Бұл – стационарлық және амбулаториялық пациенттер», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Оның айтуынша, оқу жылының басталысымен мектеп жанындағы медицина қызметкерлері нұсқама өткізіп, оқушыларға эпидемиологиялық талаптарды сақтау керектігін түсіндірді.

"Мектеп оқушыларына қол гигиенасын сақтау, бетперде тағу маңыздылығын түсіндіру жұмысы одан әрі жалғасатын болады", - деп толықтырды ол.