Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда Чехоев көшесіндегі учаске жабылды

Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Чехоев көшесіндегі жол төсемі бойынша жұмыстардың басталғанын мәлім етті.

Осыған байланысты, 27 шілде мен 3 тамыз аралығында Жолымбет көшесінен 191 көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

-->

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген ведомство хабарламасында.