Елорда жаңалықтары

Тұран және Қабанбай батыр даңғылындағы Bus Lane қайта іске қосылды

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы мәлім еткендей, бүгін сағат 15.00-де М-1 көпіріндегі жол төсемі жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты Тұран және Қабанбай батыр даңғылы бойындағы автобус жолағының қозғалысын тіркеу қайта басталды.

Еске сала кетейік, жөндеу жұмысына байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша жартылай жабылған болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін осы аралықта Тұран және Қабанбай батыр даңғылында Bus Lane қозғалысы тоқтатылды.

-->