Елорда жаңалықтары

«Жас жауынгер»: елордалық бейімдеу орталығы 51-ші баланың тұсауын кесті

Бүгін бейімдеу орталығы елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында  қайырымдылық тұсау кесу дәстүрін өткізді. Орталық бапкерлерімен 3 жыл бойы шынығып жүрген елордалық Амаль Ескенеев қазақтың думанды дәстүріне қатысып, алғашқы қадамдарын жасады.

Дәстүрлі шарадан кейін бейімдеу орталығы «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Енді спорт клубының бапкерлері Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Семей және Атырау қалаларында мүмкіндігі шектеулі балаларды дене шынықтыруға үйретеді. Ерекше балалар бапкерлер дайындаған әдістеме арқылы бокс, күрес, аралас жекпе-жек, ауыр атлетика, қол күресі бойынша шұғылданады.

«Жас жауынгер» спорт клубы 2018 жылы алғаш рет елордада ашылды. Орталық негізін қалаушы Садық Байымбетов өзге аймақтарда да спорт клубының болуы ерекше балалар үшін үлкен мүмкіндік екенін айтты.

«Қазақстан халқына» қорының жобалар мен бағдарламаларды басқару орталығының басшысы Гүлзия Бидатова елімізде оңалту орталықтарынын ашылуы ерекше балалар мен олардың ата-аналары үшін  үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

Елордалық Амаль Ескенеевтің анасы бейімдеу орталығының бапкерлеріне өз алғысын жеткізді.

Айта кетейік, «Жас жауынгер» бейімдеу орталығы 2020 жылы Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жылдың үздік ұйымы» номинациясын жеңіп алды. Ал спорт клубының жетекшісі Садық Байымбетов «Жыл тұлғасы» атанды.  

-->

Орталық ашылғалы елордада 80-ге жуық бала бапкерлер көмегімен спортпен шұғылданды. Осымен 51-ші бала алғашқы қадамын басты.  Биыл спорт орталығы  5 қалада ашылса, келесі жылы еліміздің он аймағында орталық ашу жоспарда бар. Спорттық жаттығулар тегін жүргізіледі. Бапкерлер баланың басын ұстауға, аунатуға, отыруына, еңбектеуіне көмектеседі, - дейді клуб жетекшісі.

«Қазақстан халқына» қорының жобалар мен бағдарламаларды басқару орталығының басшысы Гүлзия Бидатова елімізде оңалту орталықтарынын ашылуы ерекше балалар мен олардың ата-аналары үшін  үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

Қоғамда барлық баланың құқығы бірдей. Денсаулығына байланысты ерекше қажеттілікті талап ететін балалар бейімдеу орталықтарына бару арқылы қоғаммен байланысады. Олар өзге балалармен танысады. Елімізде осындай жобалар қатары көп бола берсін, - деді Гүлзия Бидатова.

Елордалық Амаль Ескенеевтің анасы бейімдеу орталығының бапкерлеріне өз алғысын жеткізді.

Бүгін ұлттық дәстүр бойынша баламның тұсау кесу рәсімі өтті. Мен өте қуаныштымын. Біз бірқатар оңалту орталықтарында болдық. Амаль алғаш рет осы жерге келгенде бірден үйреніп кетті. Баламның алғашқы қадамдары мені қатты қуантты. Орталық бапкерлерінің арқасында балам жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Оларға өз алғысымды айтамын, - деді  Мадина Ескенеева.