Халық жастардан тың бастамалар мен озық идеялар күтеді – Берік Жәкенов
Биыл 19 шілдеде партияның елордалық филиалында өткен кездесуде әдемі әңгіме өрбіп, жаңашыл бастамалар көтерілді.
Кездесу барысында Берік Жакенов, ең алдымен, ұйымның жаңа атауымен құттықтап, съезд делегаттарымен еркін форматта әңгіме құрды.
Жастар бүгінгі күні маңызды болып табылатын тайм-менеджмент және PR салалары бойынша алған шеберлік сабақтары туралы, сонымен қатар, партия төрағасы Ерлан Қошанов, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сынды белді тұлғалардың сөздерінен алған әсерлерімен бөлісе кетті.
Ойталқыда жастар ақпараттық толқынның қарқынды дамып келе жатқанын, сондықтан ақпараттық кеңістікте өз ойларын ортаға салуға, блогинг саласын дамытуға көңіл бөліп жатқандарын жеткізді.
Жастар жаңашыл жобаларды қолға алу керек екенін, әр өңірдің басқа аймақтан алар жобалары бар екенін атап өтіп, ойларын ортаға салды.
Кездесуде партияның қоғамда алатын рөлі де қозғалды.
Өз кезегінде, ойталқыда елордалық филиал алаңын кеңейту, қоғамдық бірлестік бақылаушы немесе орындаушы орган ретінде емес, конструктивті алаң ретінде, шығармашыл жастарды біріктіретін, ел дамуына атсалыса алатын ұйым ретінде одан әрі дамыту керектігі айтылды.
-->Биыл 19 шілдеде партияның елордалық филиалында өткен кездесуде әдемі әңгіме өрбіп, жаңашыл бастамалар көтерілді.
Кездесу барысында Берік Жакенов, ең алдымен, ұйымның жаңа атауымен құттықтап, съезд делегаттарымен еркін форматта әңгіме құрды.
Жастар бүгінгі күні маңызды болып табылатын тайм-менеджмент және PR салалары бойынша алған шеберлік сабақтары туралы, сонымен қатар, партия төрағасы Ерлан Қошанов, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сынды белді тұлғалардың сөздерінен алған әсерлерімен бөлісе кетті.
Ойталқыда жастар ақпараттық толқынның қарқынды дамып келе жатқанын, сондықтан ақпараттық кеңістікте өз ойларын ортаға салуға, блогинг саласын дамытуға көңіл бөліп жатқандарын жеткізді.
Жастар жаңашыл жобаларды қолға алу керек екенін, әр өңірдің басқа аймақтан алар жобалары бар екенін атап өтіп, ойларын ортаға салды.
Кездесуде партияның қоғамда алатын рөлі де қозғалды.
Саяси партия тұрақтылық пен бірліктің әрі бақытты да бейбіт өмірдің кепілі әрі оған жауапты. Біз көзі ашық, көкірегі ояу, ел ертеңі үшін маңызды қадамдарға бара алатын, ел игілігі жолында тың идеяларды ұсына алатын азаматтарға, жастарға әрқашан ашықпыз. Жастармен тұрақты түрде осындай басқосулар өткізуді әдетке айналдыруға келістік. Қаламыздағы отыз алты мың партияластың жиырма бес пайызы – жастар. Біз үшін ел қамын ойлайтын, отаншыл азаматтарды тәрбиелеу, партияның оқып-үйрету мектебінен тәлім алғызып, елдің пайдасына қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеу біз үшін парыз.
NEET санатындағы, яғни жастар арасындағы масыл топтардағы азаматтармен біз мүмкіндігінше жүйелі жұмыс істеудің жолын қарастырғанымыз жөн. Еңбек еткен адамның қашанда еңсесі биік әрі қашанда қоғамдағы құрметі бөлек. Ұлы Абай айтқандай: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» демекші, жастардың қоғамда жалғыз емес екендігін біз де оларға сезіндіре білуіміз керек.
Кешегі қасіретті қаңтар оқиғасында алаңға кімдер шықты, ең алдымен, әлеуметтік жағдайы төмен жастар шықты. Олардың бәрі біз үшін бауыреті балаларымыз, іні-қарындастарымыз. Сондықтан осы санаттағы жастарды әлеуметтендіру, жұмыссыздық деңгейін төмендету маңызды шара,– деп атап өтті Берік Оралұлы.
Өз кезегінде, ойталқыда елордалық филиал алаңын кеңейту, қоғамдық бірлестік бақылаушы немесе орындаушы орган ретінде емес, конструктивті алаң ретінде, шығармашыл жастарды біріктіретін, ел дамуына атсалыса алатын ұйым ретінде одан әрі дамыту керектігі айтылды.
Елді алға бастайтын сіздерсіздер, сіздерден барша ел, тың бастамалар мен озық идеалар күтеді. Әділетті Жаңа Қазақстанды құру бүгінгі жастардан басталады. Әділетті Жаңа Қазақстан - ертеңгі жастардыкі, - деді атқарушы хатшы кездесу соңында.