Елордалық кәсіпкер: Мүгедек жандар үшін экзоқаңқаның қолжетімді болғанын қалаймын
Бақдәулет «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жеңіп алған грантымен өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Ол грант ұтып алуға ерекше бизнес идея ойлап тапқан. Бақдәулет жүріп-тұруы қиынға соғатын адамдар үшін экзоқаңқа жасап, құрастырумен айналысады.
Елордалық жас кәсіпкердің осы бір құрылғысын ота жасатқан кез келген науқас қалыпқа келу үшін пайдалана алады. Бақдәулет бұл жобаны қалай ойлап тапқаны туралы айтып берді.
Ол отандық экзоқаңқаны жасап шығару туралы ой нарықтағы сұраныстан туындағанын айтты.
Жас кәсіпкер темір құрылғының ерекшеліктеріне де тоқталып өтті. Айтуынша, осы бір темір құрылғы өзінің қалыпты қозғалысын жоғалтқан адамдардағы бұлшықеттердің күшін қайта қалпына келтіруге көмектеседі.
Бақдәулет бастаған кәсібінің өрісін кеңейтуді көздейді.
-->Бақдәулет «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жеңіп алған грантымен өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Ол грант ұтып алуға ерекше бизнес идея ойлап тапқан. Бақдәулет жүріп-тұруы қиынға соғатын адамдар үшін экзоқаңқа жасап, құрастырумен айналысады.
Елордалық жас кәсіпкердің осы бір құрылғысын ота жасатқан кез келген науқас қалыпқа келу үшін пайдалана алады. Бақдәулет бұл жобаны қалай ойлап тапқаны туралы айтып берді.
Менің мамандығым – инженер конструктор. Бұл жобаға дейін бионикалық қол протезін жасайтын компанияда жұмыс істедім. Сонда жинаған тәжірибемнің арқасында осы жобаны жасадым. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 5 млн теңгеге грант жеңіп алып, осы бір медициналық құрылғыны жасап, кәсіп бастадым, - дейді жас кәсіпкер.
Ол отандық экзоқаңқаны жасап шығару туралы ой нарықтағы сұраныстан туындағанын айтты.
Қазақстандықтар шетелдік, көбіне ресейлік немесе қытайлық темір құрылғыларды сатып алады. Олар сол жақта арзан болғандықтан, медициналық ұйымдар арқылы тапсырыс береді. Неге отандық өндірісті құрмасқа? Неге экзоскелеттерді қолжетімді етіп жасамасқа деген ойлар келді. Нәтижесінде медициналық құрылғыны құрастыруды қолға алдым. Мүгедек жандар үшін экзоқаңқаның қолжетімді болғанын қалаймын, - дейді Бақдәулет Туғанбай.
Жас кәсіпкер темір құрылғының ерекшеліктеріне де тоқталып өтті. Айтуынша, осы бір темір құрылғы өзінің қалыпты қозғалысын жоғалтқан адамдардағы бұлшықеттердің күшін қайта қалпына келтіруге көмектеседі.
Бұл экзоқаңқа – отандық өнім. Экзоқаңқаларымыздың ерекшелігі – мүгедектердің аяқтан тұрып кетуіне, оңалтуға көмектесуінде. Ол түрлі апаттан зардап шеккен, инфаркт, инсульт немесе жүрек талмасынан сал болып қалғандарға қайта қалыпқа келуге жәрдемдеседі. Медициналық құрылғы аяқ қозғалысын оңалту мақсатында колданылады. Әсіресе инфарктан кейінгі оңалтуды қажет ететіндер үшін таптырмас құрал, - деп атап өтті елордалық кәсіпкер.
Бақдәулет бастаған кәсібінің өрісін кеңейтуді көздейді.
Қолға алған осы жобаны одан әрі дамытқым келеді. Бірақ ақпараттық қолдау жетпей жатыр. Тек елордада ғана емес, еліміздің өзге де өңірлеріне, шетелдік нарыққа шығуды көздейміз. Қазір үш адаммен ғана жұмыс істейміз, олардың санын да көбейтіп, экзоскелеттерді көптеп жасап шығарсақ деген ойымыз бар, - дейді Бақдәулет Туғанбай.