Елорда жаңалықтары

Бурабай көшесіндегі учаске уақытша жабылды

Осы жылдың 21 шілдесі мен 31 тамызы аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Бурабай көшесінің Қобыланды батыр көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.

-->

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген басқарманың хабарламасында.