Елорда жаңалықтары

Биыл елордада жол-көлік оқиғалары 24,5 пайызға артқан

Елордалық полицейлер мемлекеттік жалған нөмірлерді пайдаланып, көлік жүргізу құқығынан айырылған көлік жүргізушілерін, сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық бойынша қарызы бар тұлғаларды жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда.

-->

Елорда жолдарындағы өлім-жітім, жазатайым оқиғалар мен көлік кептелісін азайту мақсатында бірқатар нақты шаралар атқарылуда. Жол-көлік оқиғаларының себептерін және жол-көлік оқиғасы орын алған жерлерде қалыптасқан қозғалыс жағдайын зерделей отырып, 67 учаскеде бағдаршамдардың жұмыс режимдерін өзгерту бойынша шаралар қабылданды. 22 қиылыста «тыныштандыру» режимі енгізілді, яғни қызыл сигнал барлық бағыттар үшін бір уақытта 6 секундқа дейін қосылады. Мәселен, осы режим енгізілгенге дейін Бөгенбай батыр – Жеңіс қиылысында 315 жол-көлік оқиғасы орын алып 22 адам зардап шекті, режим енгізілгеннен кейін зардап шеккендермен ЖКО тіркелген жоқ, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.