Елордада екі аптада 3 970 адам коронавирус жұқтырды
-->
Елордада жалғасып жатқан SARS-Cov-2 вирусының "Омикрон" штамының айналымына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап, күрделі күйде қалып отыр. Омикрон штамы өте жұқпалы сипатталып және барлық жастағы адамдар инфекцияға бейім болып келуде. Тәулігіне жаңа жағдайлардың санын тіркеу 586-ға жетіп отыр. Эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша елордамыз «сары» аймаққа жақындап келеді, - деді Сархат Бейсенова.