Елімізде өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісі артады
«Тыныс» зауыты өкпені жасанды желдету аппараттарын шығаруды 15 есе арттырады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. «Тыныс» («Қазақстан инжиниринг» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) коронавирустық пандемияға қарсы шаралар аясында адам өкпесін жасанды желдету аппараттарының өндірісін арттырды. 2020 жылға арналған осы өнімнің өндірістік жоспары жылына 15 еседен астамға (500 дана жиынтық өнімге дейін) ұлғайтылды. Қазір зауыт жұмысшылары екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін кәсіпорын жылына 30 дана жиынтық қондырғыларды шығарып келген. «Тыныс» зауыты - өкпені жасанды желдетуге арналған құрылғылар шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. «Көкшетау-4П» аппараты өзінің сан қырлы қызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді. Қазірдің өзінде 19 данадан тұратын аппараттардың алғашқы партиясы еліміздегі медициналық мекемелерге жеткізілді, 40-тан астамы қоймада жөнелтілуге дайын тұр. Сонымен қатар аталған кәсіпорын мақта маталарынан қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар өндірісін игерді. Бұл қорғаныш заттарымен Ақмола облысының медициналық, мемлекеттік мекемелері мен жеке кәсіпорындары қамтамасыз етілген. Естеріңізге сала кетейік, «Tыныс» шығаратын негізгі өнімдер - бұл ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектер, ҚР күштік құрылымдары үшін жеке қорғаныс құралдары. Сондай-ақ зауыт мұнай-газ, теміржол саласы және тағы басқалар үшін де арнайы азаматтық өнімдер шығарады.
-->«Тыныс» зауыты өкпені жасанды желдету аппараттарын шығаруды 15 есе арттырады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. «Тыныс» («Қазақстан инжиниринг» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) коронавирустық пандемияға қарсы шаралар аясында адам өкпесін жасанды желдету аппараттарының өндірісін арттырды. 2020 жылға арналған осы өнімнің өндірістік жоспары жылына 15 еседен астамға (500 дана жиынтық өнімге дейін) ұлғайтылды. Қазір зауыт жұмысшылары екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін кәсіпорын жылына 30 дана жиынтық қондырғыларды шығарып келген. «Тыныс» зауыты - өкпені жасанды желдетуге арналған құрылғылар шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. «Көкшетау-4П» аппараты өзінің сан қырлы қызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді. Қазірдің өзінде 19 данадан тұратын аппараттардың алғашқы партиясы еліміздегі медициналық мекемелерге жеткізілді, 40-тан астамы қоймада жөнелтілуге дайын тұр. Сонымен қатар аталған кәсіпорын мақта маталарынан қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар өндірісін игерді. Бұл қорғаныш заттарымен Ақмола облысының медициналық, мемлекеттік мекемелері мен жеке кәсіпорындары қамтамасыз етілген. Естеріңізге сала кетейік, «Tыныс» шығаратын негізгі өнімдер - бұл ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектер, ҚР күштік құрылымдары үшін жеке қорғаныс құралдары. Сондай-ақ зауыт мұнай-газ, теміржол саласы және тағы басқалар үшін де арнайы азаматтық өнімдер шығарады.