Елорда жаңалықтары

Елордалық полицейлер ІІМ чемпионатында топ жарды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің командасы командалық есепте 1 278 ұпаймен 1-орынды иеленді.

Қолданбалы спорт түрлерінен жекелей сында 35 жасқа дейінгілер арасында «Оқу-жаттығу ротасының» инспекторлары полиция капитаны Ерасыл Тұрсынбеков 1-орын иеленсе, 40 жасқа дейінгілер арасында полиция капитаны Серік Рамазанов 50 метрлік арақашықтықта суда жүзуден, 1000 метрге жүгіруден 1-орын алып, үздік спортшы атанды.

Сонымен қатар, Сарыарқа ауданы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция майоры Серік Сатанов 45 жасқа дейінгілер арасында жекелей сында 3-орынға жайғасса, 30 жасқа дейінгілер арасында жекелей сында «Оқу-жаттығу ротасының» аға инспекторы Алмаз Амалбек қола жүлдегер атанды.

Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Марат Төлебаев қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, спортта үлкен жетістікке жеткен тәртіп сақшыларын жеңістерімен құттықтап, грамоталармен және бағалы сыйлық – қол сағатымен марапаттады.

-->