Елімізде коронавирус бойынша жағдай тұрақталды – Есмағамбетова
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі 7%-дан аспайды. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова осылай айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап. Оның мәліметінше, өткен екі аптада Қазақстандағы жағдайдың тұрақталғаны байқалады. «Егер наурызда вирусты жұқтырған адамдарды тіркеу фактілері байланыста болған және сырттан әкелінген азаматтар арасында болса, сәуір айында біз профилактикалық тестілеуге көштік. Сәуір айында тіркелген барлық адам ‒ 52% немесе 1 862 азамат алдын ала тестілеуден анықталған. Профилактикалық тестілеудің мақсаты ‒ жасырын ауру ошақтарын анықтау. Егер алдын ала тестілеу өткізбесек, қатынаста болғандар мен ауырғандар саны бұдан көп болар еді», - деді А.Есмағамбетова Facebook-те өткен онлайн-брифинг барысында.
-->Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі 7%-дан аспайды. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова осылай айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап. Оның мәліметінше, өткен екі аптада Қазақстандағы жағдайдың тұрақталғаны байқалады. «Егер наурызда вирусты жұқтырған адамдарды тіркеу фактілері байланыста болған және сырттан әкелінген азаматтар арасында болса, сәуір айында біз профилактикалық тестілеуге көштік. Сәуір айында тіркелген барлық адам ‒ 52% немесе 1 862 азамат алдын ала тестілеуден анықталған. Профилактикалық тестілеудің мақсаты ‒ жасырын ауру ошақтарын анықтау. Егер алдын ала тестілеу өткізбесек, қатынаста болғандар мен ауырғандар саны бұдан көп болар еді», - деді А.Есмағамбетова Facebook-те өткен онлайн-брифинг барысында.