Елорда жаңалықтары

Елорда әкімі Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Кездесуде балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, жаттықтырушыларды даярлау, салауатты өмір салтын насихаттау проблемалары талқыланды. Мәселен қалада үлкен теннистен оқу-жаттығу сабақтары өтетін 5 спорт орталығы бар.

-->

Сол сияқты инклюзивті топ бар. Осыған дейін ерекше мүмкіндіктері бар жас спортшыларға арнап 115 грант бөлінді. Гранттар саны көбейтіледі, сондай-ақ қажетті жабдықтармен көмектесуді жалғастырамыз. Осы жылдың 5 айында тәрбиеленушілер халықаралық және республикалық турнирлерде бас-аяғы 35 медаль жеңіп алды. Елена Рыбакинаның жеңісі спортшыларымызға ерекше ынта беріп, еліміздегі үлкен теннистің дамуын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалар мен ересектерді бұқаралық спортқа жұмылдыру үшін тиісті жағдай жасау бойынша жұмыс істейміз, балалар мен жасөспірімдер спортын, федерацияны қолдаймыз. Елена Рыбакинаны, оның командасын, жанкүйер қауымды үлкен жеңісімен кезекті рет құттықтаймын! – деп жазды А.Көлгінов.