Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда есігі ашық пәтерге ұры түсті

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 32 жастағы ұрлық жасаған күдікті ұсталған. 

Қазіргі кезде «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындап, заттай дәлелдемелер алынған.

-->

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 32 жастағы ұрлық жасаған күдікті ұсталған. 

Тергеу барысында күдікті әйелдің Алтынсарин көшесіндегі тұрғын үй кешенінің кіреберісіне кіріп, әрбір есікті тартып көріп, ашық-жабықтығын тексергені анықталды. Пәтерлердің бірі ашық екенін байқаған ол, сол сәтті пайдаланып, үйдің кіреберісінен еркін кіру арқылы «Karl Lagerfeld» фирмасының әйелдерге арналған сөмкесін ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Сөмкенің ішінде 100 АҚШ доллары, 80 000 теңге сомасындағы ақша қаражаты және алтын бұйымдар болған. Жалпы материалдық шығын 620 000 теңгені құрады, - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі кезде «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындап, заттай дәлелдемелер алынған.