Елорда жаңалықтары

Елордада каскадты амфитеатр ашылды

-->

Есіл өзені мен Бейбітшілік және келісім сарайының (Нәжімеденов көшесі тұсында) арасындағы саябақта каскадты амфитеатр жобасы іске асырылды.

Амфитеатр іс-шаралар, концерттер, қойылымдар, шығармашылық көріністер өткізуге арналған, сондай-ақ қала тұрғындарының демалу орны болады.

Жанында экологиялық таза материалдардан жасалған балалар ойын алаңы бар, - делінген орталық жазбасында.