Елорда жаңалықтары

«Шаршаған жоқпын»: Көлгінов жұмысынан жалықпағанын айтты

-->

Шаршаған жоқпын деп ашық жауап беремін. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Күн тәртібінде тұрған міндеттердің шешімін табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды парызым деп білемін. Бұл – мектептер, қолжетімді баспаналар, көпірлер салу, азаматтарымыздың әлеуметтік мәселелерін шешу, қоғамдық кеңістіктер, жалпы қаланы дамыту. Мен мұны өзімнің міндетім деп санаймын, - деді Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.