Елорда жаңалықтары

Елордада бағаны негізсіз өсіргендерге қандай шаралар жасалып жатыр

 

Сондай-ақ елордада бағаны негізсіз өсіргендерге қандай шаралар жасалып жатқаны туралы да айтты.

-->

Әсіресе ерте көктемде бұрынғы көкөністердің барлығы таусылғанда баға көтеріледі. Сол кезде біздің тұрақты қордың жәрдемі тиеді. Одан кейін қыс мезгілінде де көкөніс таусылған кезде мәселелер туындап жатады. Сол үшін қыркүйек айынан гипермаркеттермен біз жаңадан келісім шартқа отырып қойдық. Себебі қазір жәрмеңкелер өтіп жатыр. Жәрмеңкелерде біздің отандық тауар өндірушілер сол жерге 10-15 пайыз нарықтағы бағадан төмен өзінің тауарын сатып жатыр. Оған біз көмектесіп жатырмыз яғни  тегін орын беріп жатырмыз. Ал қыркүйек айынан бастап бүкіл өңірлер елордаға келіп, аптасына бір рет жәрмеңке өткізеді, - деді қала әкімі.

 

Сондай-ақ елордада бағаны негізсіз өсіргендерге қандай шаралар жасалып жатқаны туралы да айтты.

Ережеге сәйкес белгігленген бағалар бар. 15 пайыз қосуға болмайды. Егер 15 пайызға артық болса, жауапқа тарту керек. Соны бәсекелестікке қарсы қадағалайтын агенттікпен бірге әкімшілік үнемі түрде мониторинг топпен бақылайды. Ол – күнделікті жұмыс. Бір бірнеше мекемеге және сауда үйлеріне ескерту жасадық. Бірінші ережеге сәйкес ескерту болады. Егер ескертуді тыңдамаса яғни кемшіліктерін жоймаса, біз  әкімшілік жауапқа тартамыз, - деді Алтай Көлгінов.